2026 жылғы 15 шілде күні Қырғызсай ауылдық округінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында тұрғындар мен жастарға арналған мазмұнды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті. Шара Қырғызсай ауылдық округі жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы Қахар Мырзалиевтың ұйымдастыруымен жүзеге асырылды.
Кездесу барысында қатысушыларға соңғы уақытта жиі кездесетін интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтық тәсілдері кеңінен түсіндірілді. «Банк қызметкерімін» деп хабарласу, күмәнді сілтемелер жіберу, жалған ұтыстар ұсыну сияқты әрекеттердің қалай жүзеге асатыны нақты мысалдармен айтылып, мұндай жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдары көрсетілді.
Жастар бұл күні тек алаяқтық турасында ғана емес, есірткі жайында да ескерту қағаздарын таратты. Есірткінің адамның денсаулығына, психологиясына және өмірлік бағытына тигізетін әсері айтып, жастарға болашаққа балта шабатын мұндай қауіптен аулақ болудың маңызын екшеп атап өтті.
Іс-шара барысында жастар тұрңындарға ақпараттық парақшалар таратып, әрбір қатысушыға маңызды мәліметтерді қолжетімді түрде жеткізді.


