Перейти к содержимому
Главная страница » Жаңа Конституция – жаңа белес

Жаңа Конституция – жаңа белес

13 шілде күні Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Ата Заң – Қуатты Қазақстан» атты актив отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі төрағалық етіп, мемлекеттік органдардың басшылары, мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар және зиялы қауым қатысты.

Актив отырысында жалпыұлттық референдум нәтижесінде қабылданған жаңа Конституцияның маңызы, елдегі саяси реформалардың негізгі бағыттары және заң үстемдігін нығайту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, жаңа Ата Заңның азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және Әділетті Қазақстанды қалыптастыруға қосатын үлесі кеңінен сөз болды.

Жиында аудандық мәслихат депутаты, этномәдени орталықтың төрағасы және жастар ресурстық орталығының жетекшісі баяндама жасап, Конституцияның қоғам өміріндегі рөлі туралы пікірлерімен бөлісті.

Іс-шара барысында азаматтарға Жаңа Конституцияның арнайы басылымы салтанатты түрде табысталды.

«Жаңа Конституция – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы жаңа белес. Ендігі міндет – оның қағидаттарын нақты істер арқылы жүзеге асыру. Әрбір мемлекеттік қызметші өз жұмысының нәтижесі үшін жеке жауапкершілік сезінуі тиіс. Ауданымыздың мемлекеттік қызметшілері, депутаттары, құқық қорғау органдары, қоғамдық институттары, бизнес қауымдастығы және тұрғындары Президенттің Әділетті Қазақстанды құру жөніндегі саясатын іске асыруға лайықты үлес қосатынына сенімдімін», – деген аудан әкімі Талғат Байеділов жиынды қорытындылап, аудан тұрғындарын ел игілігі жолында бірлесіп еңбек етуге шақырды.

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ