Перейти к содержимому
Главная страница » Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы

2026 жылдың 16 шілде күні Ұйғыр ауданы Үлкен Ақсу ауылдық округінде жастармен маңызды кездесу өтті. Округ әкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы Г. Миталипова учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты тренинг ұйымдастырды.

Бұл жай ғана дәріс емес, жастарды ойландыратын, пікір айтуға жетелейтін ашық алаңға айналды. Тренинг барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зияны нақты мысалдар арқылы түсіндіріліп, оның алдын алу жолдары, заң талаптарын сақтау және әр азаматтың жауапкершілігі кеңінен талқыланды.

Іс-шараға қатысқан жастар да сырт қалмай, өз ойларын еркін білдіріп, күнделікті өмірде кездесуі мүмкін жағдайларды ортаға салды. Тіпті өздерінің бастан өткершген кішігірім оқиғаларымен де бөлісті. Осындай пікір алмасу арқылы тақырыптың маңызы тереңірек ашылып, жастардың көзқарасы айқындала түсті.

Кездесудің түйіні бір болды: адалдық – таңдау емес, өмірлік ұстаным. Заңға құрмет пен әділдікке негізделген қоғам құру әрбір жастың өзінен басталатды. Мұны осы күнгі жиынға қатысқан жастар саналарына мықтап түйді деген сенім мол.

Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

ҰЙҒЫР АУДАНЫ