Перейти к содержимому

Алматы облысында түнгі рейд жалғасуда

  • автор:

Алматы облысында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында жастар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы кешенді жұмыс жүргізілуде. Осы мақсаттағы кезекті түнгі рейд Іле ауданында жалғасын тапты.Сағат тілі 23.00-ді көрсеткенде арнаулы инспекция өкілдерімен… 

Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?

  • автор:

Кеше партиялар мектептерде, ауруханаларда, зауыттарда және архивтерде сайлаушыларменкездесіп, әр саланың өзекті мәселелерін талқылады. Көтерілген тақырыптар әртүрлі болғанымен, олардыңбәрін біріктірген ортақ өзек – еңбек адамы және оныңкүнделікті мәселелері болды. Көкшетау – болашақ қалалар туралы «Әділет» партиясының өкілдері Ақмола облысыныңтұрғындарымен кездесті. Партияның республикалықсайлауалды штабы ұйымдастырған кездесудекөкшетаулықтар өңір үшін маңызды бастамалардыұсынды. Олардың қатарында кәсіпкерлерге арналғанбірыңғай цифрлық платформаны іске қосу, колледждерге жасанды интеллект технологияларыненгізу, коммуналдық желілерді жаңғырту және жаңажұмыс орындарын құру бар. Өңірлердегі жұмысын жалғастырған «Әділет» спортшылармен, жаттықтырушылармен, өнеркәсіпкәсіпорнының ұжымымен, сондай-ақ туризм жәнешипажай-курорт саласының өкілдерімен кездесті. Кездесулерде спортты, туризмді, кәсіпкерлікті жәнеагроөнеркәсіп кешенін дамыту, фермерлерді қолдаумен ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеумәселелері талқыланды. Кездесулердің бірінде Ақмола облыстықолимпиадалық резервті даярлау орталығыныңәдіскері Екатерина Круглик балалардың тұрғылықтыжеріне немесе отбасының материалдық жағдайынақарамастан тегін спорт секцияларына теңқолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесін көтерді. Мектеп – реформаның бастауы ЖСДП елдің болашағы білім беру жүйесінебайланысты деп есептеп, осы тақырыпқа арналғанарнайы конференция өткізді. Депутаттыққакандидаттар, педагогтер мен сарапшылар білімсапасы, кадр тапшылығы, мектепинфрақұрылымының жай-күйі және мұғалімдердіқолдау мәселелерін талқылады. Талқылау қорытындысында қатысушылар бір пікіргекелді: мектепте жүйелі реформалар жүргізілмейінше, бәсекеге қабілетті мемлекет туралы айту қиын. Сол күні білім беру тақырыбына қатысты өзұстанымын Respublica партиясы да білдірді. Кандидат Нұргүл Тау Қазақстан халық партиясыныңPISA нәтижесі төмен мектептерге айыппұл салу туралы бастамасын сынға алып, мұндай тәсілмәселені шешудің орнына кінәліні іздеугеұқсайтынын айтты. Оның пікірінше, ауыл мектептері бастапқыдан-аққалалық мектептермен тең жағдайда емес. Сондықтан олардан бірдей нәтиже талап ету – орынсыз, ал мұғалімдерді жазалау білім беру жүйесінің әлсіздігін ғана көрсетеді. Respublica басқа жолды ұсынады. Партия мұғалімдерді жазалаудың орнына білім беру ортасындамыту мен педагогтерді қолдауды құптайды. Экология – дәрігерлер көзімен «Байтақ» партиясы үшін экология мәселесіденсаулық сақтау саласымен тығыз байланысты. Кеше бұл ұстаным іс жүзінде көрініс тапты. Кандидат Таир Сағымбаев Ақтаудағы №2 қалалықемхананың ұжымымен кездесті. Кездесу барысындамедицина саласының жай-күйі, өңірдің экологиялыққауіпсіздігі және пациенттерді әлеуметтік қорғаумәселелері талқыланды. Партияның пайымынша, нақты шешімдер кеңсеқабырғасында емес, күн сайын халықпен жұмысістейтін мамандардың пікіріне сүйене отырыпқабылдануы тиіс. Тарихи жады – саяси күн тәртібінде Қазақстан халық партиясы кеше тарихи жадытақырыбына ерекше назар аударды. Партия іздестіружұмыстарын, архивтік зерттеулерді және патриоттықжобаларды қолдау мақсатында «Мемориалдықаймақ» бірлестігімен ынтымақтастық туралымеморандумға қол қойды. Партия төрағасы Нұрсұлтан Шоқановтың айтуынша, оның арғы атасы ондаған жыл бойы хабар-ошарсызкеткендер қатарында саналып келген. Кейін іздестіружасағы оның жерленген орнын анықтаған. ҚХП бұл бастаманы ата-баба ерлігіне тағзым етудіңжәне тарихи шындықты сақтаудың маңызды бөлігідеп есептейді. Кеншілер өлкесіндегі кездесулер Кеше Қостанай облысына төрағасы ҚайратАйтуғанов бастаған «Ауыл» партиясы барды. Ол еңбек ұжымдарымен, партия белсенділерімен жәнеауыл тұрғындарымен кездесіп, агроөнеркәсіпкешенін дамыту, кәсіпкерлікті қолдау жәнеинфрақұрылымды жаңарту мәселелерін талқылады. Сапар барысында Айтуғанов өзінің еңбек жолыбасталған «Қазпошта» ұжымымен де кездесті. Сапар жастар волонтерлерімен бірге өткен үгіт-насихатакциясымен аяқталды.… 

«АСАУ–2026»: Дронмен барлау кезеңінде әскери шеберлік сыналды

  • автор:

Қонаев гарнизоны прокуратурасының бастамасымен ұйымдастырылған «АСАУ–2026» әскери-патриоттық жобасының үшінші кезеңі Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6654 әскери бөлімінде өтті. Бұл кезең заманауи әскери дайындықтың маңызды бағыты – дронмен барлау жүргізу дағдыларына арналды. Сайыс барысында қатысушылар ұшқышсыз… 

Құрылтай — ұлттық мұра мен руханиқұндылықтарды ұлықтайтын маңызды алаң

  • автор:

Қазақстан Республикасы Құрылтайы – қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, түрлі саланың өкілдері пікір алмасатын маңызды қоғамдық алаң. Бұл алаңда көтерілетін бастамалар елдің рухани, мәдени және әлеуметтік дамуына серпін беріп, қоғам үшін маңызды мәселелердің жан-жақты қарастырылуына мүмкіндік береді. Мәдениет саласының өкілі ретінде ұлттық мұраны сақтау, тарихи сананы нығайту және рухани құндылықтарды дәріптеу мәселелері әрдайым назарда болғаны маңызды деп есептеймін. Өйткені мәдениет — ұлттың тарихи жады мен рухани келбетін айқындайтын басты құндылықтардың бірі. Жаһандану жағдайында ұлттық болмысымызды сақтап, мәдени мұраны келер ұрпаққа жеткізу — ортақ міндет. Құрылтай аясында мәдениет, білім және руханиятқа қатысты ұсыныстардың талқылануы қоғамдағы бірлік пен сабақтастықты нығайтуға ықпал етеді. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тарихи мұраны сақтау және жас ұрпақтың туғанелдің тарихы мен мәдениетіне құрметін арттыру — болашаққа бастар маңызды бағыттардың бірі. Рухани бай қоғам ғана өзінің тарихи тамырын сақтап, тұрақты дамуға қол жеткізе алады. Салтанат ЖамбуловаЖамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалдықмузей директоры

Бибігүл немесе қуыршақтың монологы

  • автор:

Мен – қуыршақпын. Мені көршілес Қытай елінен фабрикадан шыққаннан кейін дереу Қазақстанға жеткізді. Қазақ еліне келген маған қаланың қақ ортасындағы ойыншық дүкенінен төрдегі орын бұйырды. Дегенмен, дүкен сөресінде ұзақ тұрдым. Ойыншықтар дүкеніндегі алғашқы күнім әлі… 

Бопай ханымның қылышы

  • автор:

Қазақ тарихындағы жаугершілік замандарда туған елі мен жерін жаудан қорғаған батыр бабалардың ерен ерліктері қашанда ұрпақ жадынан өшпек емес. Отан қорғау жолында отбасы, ошақ қасын тастап, елдің еркіндігі үшін атқа қонған батыр аналар да болғаны… 

Шексіз мүмкіндік

  • автор:

Облыста ерекше білім беру қажет­тілігі бар балалардың жазғы демалысын мазмұнды ұйымдас­тыруға бағытталған «Sheksiz mumkin­dikter» спорттық-инклюзивті жобасы биыл төртінші жыл қатарынан жүзеге асырылып жатыр. «Самұрық-Қазына» АҚ-ның бірыңғай қайырымдылық операторы Samruk-Kazyna Trust қоры­ның қолдауымен және «ДЦП Life»… 

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу

  • автор:

Жер аяғы кеңіген жаздың жаймашуақ күнінде ұйымдастырылған жылы жүздесулердің бірі Қарқара ауылындағы Қарқара орта мектебін 1975-1976 оқу жылында тәмамдаған түлектердің 50 жылдан кейінгі кездесуі болды. Жарты ғасыр бұрын алтын ұя мектептен түлеп ұшқан түлектер бір… 

Жастарға өнеге

  • автор:

Қайнар ауылдық орта мектебінде Чернобыль қаһарманы, Қайнар ауылының төл перзенті, ақын Ерлан Әбдіқалов пен көрнекті шығыстанушы-ғалым, айтулы аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің, «Алтын қалам», Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлық­тарының иегері, Райымбек ауданының Құрметті азаматы,… 

«ҚҰРСАҚ» АНАҒА КІМ ҚОРҒАН?

  • автор:

Шетелдіктерге Қазақстанда суррогат ана қызметін пайдалануға тыйым салынды. Жуырда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Неке және отбасы туралы кодекске өзгерту енгізді. Яғни аталмыш қызметті пайдалану тәртібі өзгерді. Енді сәби сүю үшін бұл қызметке тек Қазақстан­ның азаматтығы…