Перейти к содержимому
Главная страница » Аула қауіпсіздігі – әр отбасының міндеті

Аула қауіпсіздігі – әр отбасының міндеті

Балқаш ауданындағы ауыл тұрғындары үшін үй-жай мен мал-мүліктің қауіпсіздігі – күнделікті назарда болатын мәселе. Ауладағы қора-жайды, көлікті және бағалы заттарды қараусыз қалдырмау қажет. Үйден ұзақ уақытқа кететін болсаңыз, көршілеріңізге ескертіп, мүлікті бақылауда ұстау маңызды.

Құнды заттарды ашық жерде қалдыру ұрлыққа себеп болуы мүмкін. Ауылдық жерде көрші-қолаңның бір-біріне назар аударып, күдікті жағдайларды дер кезінде хабарлауы да маңызды. Бейнебақылау камераларын орнату және ауланы жарықтандыру қауіптің алдын алуға көмектеседі. Мүліктің сақталуына ең алдымен оның иесі жауапты екенін есте ұстаған жөн.

Алтынай ТАЛҒАТҚЫЗЫ