Перейти к содержимому
Главная страница » Бала қауіпсіздігі басты назарда!

Бала қауіпсіздігі басты назарда!

Баланың қауіпсіздігі ата-ананың күнделікті назарынан басталады. Бала қайда жүргенін, кіммен араласатынын және бос уақытын қалай өткізетінін білу – ата-аналық жауапкершіліктің маңызды бөлігі. Жасөспірімнің бойындағы өзгерістерге бейжай қарауға болмайды. Оның мінез-құлқындағы тосын өзгеріс немесе тұйықталуы белгілі бір қиындықтың белгісі болуы мүмкін. Балаға үнемі бақылау орнатудан бұрын онымен сенімді қарым-қатынас қалыптастыру қажет. Өз мәселесін ата-анасына еркін айта алатын бала қауіпке тап болған жағдайда көмек сұраудан қорықпайды.
Интернеттегі қауіпсіздік туралы да ашық сөйлесу керек. Бейтаныс адамдармен хат алмасу, жеке ақпарат жіберу немесе күмәнді ұсыныстарға қызығу қауіпті болуы мүмкін. Баланың қауіпсіздігіне бөлінген уақыт ешқашан артық емес. Жауапты ата-ана – қауіптің алдын алатын алғашқы қорған.

Құралбек СӘБИТОВ