Республика күні – еліміздің мемлекеттілігі мен егемендігін айшықтайтын, ұлттық бірегейлігімізді дәріптейтін маңызды мереке. 25 қазан – Республика күніне орай, Кеген аудандық жастар ресурстық орталығында елге деген сүйіспеншілікті арттыру, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Қыран елім – Қазақстан!» тақырыбында танымдық-патриоттық квест ойыны өткізілді.


Квест ойыны барысында қатысушылар еліміздің тарихы, тәуелсіздігі, мемлекеттік рәміздері, ұлттық дәстүрлері мен мәдени мұрасы туралы білімдерін ортаға салып, түрлі танымдық тапсырмаларды орындады. Әр кезеңде өздерінің білімін, тапқырлығын, шапшаңдығын және логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті. Сонымен қатар командалық жұмыс арқылы бірлік пен ұйымшылдықтың маңыздылығын сезініп, өзара тәжірибе алмасты.
Аталған іс-шара жастардың туған жерге деген құрметін арттырып, ел тарихын тереңірек тануға, ұлттық рух пен азаматтық жауапкершілікті нығайтуға бағытталды.
Тәуелсіз Қазақстанның болашағы – білімді, белсенді, отаншыл жастардың қолында. Еліміздің әрбір жас азаматы туған жерінің дамуына үлес қосып, тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайтуға ұмтылуы тиіс.
Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ
Кеген ауданы

