Қоғамдық қауіпсіздік – тек құқық қорғау органдарының ғана міндеті емес. Ол әр азаматтың заңға құрметпен қарап, айналасында болып жатқан жағдайларға бейжай қарамауынан басталады. Қауіпсіз орта қалыптастыру үшін мемлекет пен қоғам арасында өзара сенім мен тұрақты байланыс болуы маңызды.
Бүгінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында профилактикалық жұмыстарға ерекше мән берілуде. Құқық бұзушылықтың алдын алу, халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру – қауіпсіздікті нығайтудың негізгі тетіктерінің бірі.
Көшеде, аулада, қоғамдық орындарда тәртіп сақталуы үшін тұрғындардың да белсенділігі қажет. Күдікті жағдайға куә болған азаматтың дер кезінде тиісті қызметке хабарлауы кей жағдайда ауыр құқық бұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік береді.
Сондықтан қауіпсіз қоғам құру – «біреу жасар» мәселе емес. Бұл – баршаға ортақ жауапкершілік. Заңды құрметтеу, өз құқығыңды білу және өзгелердің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау қоғамдық тұрақтылықтың негізін қалыптастырады.
Құқықтық тәртіп орныққан жерде азаматтардың мемлекетке деген сенімі де артады. Ал сенім мен серіктестік – қауіпсіз қоғамның басты тірегі.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

