Есірткіге тәуелділік бір адамның тағдырымен ғана шектелмейді. Оның зардабын отбасы мүшелері мен жақындары да тартады. Сенім бұзылып, әлеуметтік және тұрмыстық мәселелер туындауы мүмкін. Сондықтан қауіпті ерте байқап, дер кезінде көмекке жүгіну маңызды. Ең тиімді жолдың бірі – есірткінің таралуына жол бермеу және алдын алу жұмыстарын күшейту. Әрбір сақталған тағдыр – қоғам үшін үлкен жетістік.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ