Перейти к содержимому
Главная страница » ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ – ДЕНІ САУ ҰРПАҚ

ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ – ДЕНІ САУ ҰРПАҚ

Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес және жастардың денсаулығын қорғау – басты міндеттердің бірі. Балқаш ауданында жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алуға бағытталған кездесулер, спорттық және тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Мамандар есірткінің адам өміріне тигізетін зиянын түсіндіріп, салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Сонымен қатар, тұрғындар күмәнді жағдайлар туралы құқық қорғау органдарына хабарлаудың маңыздылығы жөнінде ақпараттандырылуда. Денсаулығы мықты ұрпақ – елдің жарқын болашағының кепілі. Сондықтан есірткіге қарсы күрес – барша қоғамның ортақ ісі.

Алтынай СЕЙІТКЕН