Қоғамның мәдениеті оның әлсіз топтарға қалай қарайтынынан да байқалады. Қарт адамдарға құрмет көрсету – ұлттық тәрбиенің ғана емес, азаматтық жауапкершіліктің де көрінісі.
Үлкен кісілер кей жағдайда интернет алаяқтығы немесе басқа да құқықбұзушылықтардың құрбаны болуы мүмкін. Сондықтан олардың қауіпсіздігіне жақындары мен қоғам тарапынан назар аударған жөн. Қарт адамға бейтаныс адамның қоңырауы немесе күмәнді ұсынысы түссе, мәселені бірге тексеріп, асығыс шешім қабылдамауына көмектесу қажет.
Көшеде немесе қоғамдық орында көмекке мұқтаж адамды байқаса, назар аудару да адамгершіліктің белгісі. Үлкенге құрмет көрсеткен қоғамда өзара жанашырлық қалыптасады. Ал жанашырлық пен жауапкершілік – қауіпсіз ортаның маңызды негіздері.
Құралбек СӘБИТОВ

