Қоғамдық қауіпсіздік – қоғамның тұрақтылығы мен азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ететін маңызды бағыт. Бұл тек құқық қорғау органдарының емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Қылмыстың, соның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, азаматтардың мүлкін қорғау, интернет-алаяқтық пен қаржылық пирамидалардан сақтану – қауіпсіз қоғам қалыптастырудың негізгі тетіктері. Ол үшін халықтың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттырып, күмәнді ұсыныстарға сақтықпен қарау қажет.Сонымен қатар есірткі қылмысының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін сақтау және алкогольді шамадан тыс тұтынудың алдын алу да маңызды. Әсіресе жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау – болашақтағы көптеген қауіптің алдын алуға мүмкіндік береді.Қауіпсіз қоғам – заңды құрметтейтін, бір-біріне жауапкершілікпен қарайтын азаматтардың ортақ еңбегі. Сондықтан қоғамдық тәртіпті сақтау мен құқықбұзушылықтың алдын алу әрқайсымыздан басталады.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

