Құрылтай – елдің болашағын айқындайтын, қоғамның маңызды мәселелері талқыланатын үлкен алаң. Спортшы ретінде мен үшін елдің тұрақтылығы, жастардың болашағы және спорт саласының дамуы өте маңызды.
Бүгінде елімізде бұқаралық және кәсіби спортты дамытуға, жас спортшыларға қолдау көрсетуге бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Осындай бастамалардың жүзеге асуына әр азамат өз үлесін қосуы қажет деп ойлаймын.
Құрылтайда көтерілген ұсыныстар мен бастамалар халықтың әл-ауқатын арттырып, еліміздің дамуына оң ықпал етеді деген сенімдемін. Ел болашағы – ортақ іс. Бірлігіміз бекем, мақсатымыз айқын болсын!
Ернар КЕҢЕСХАН, дзюдо күресінен
Азия чемпионатының қола жүлдегері

