Перейти к содержимому
Главная страница » Нашақорлықтың алдын алу маңызды!

Нашақорлықтың алдын алу маңызды!

Қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – жастар арасындағы нашақорлық. Есірткіге тәуелділік адам денсаулығына ғана емес, оның болашағына, отбасы мен қоғамға да зор зиян келтіреді. Әсіресе жасөспірімдер мен жастар зиянды әрекеттерге тез еліктейтіндіктен, бұл мәселенің алдын алу аса маңызды.

Осы мақсатта Талғар ауданында жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, есірткінің зиянына қоғам назарын аудару мақсатында «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өткізілді. Акция барысында қатысушыларға арнайы жадынамалар таратылып, тақырыптық ақпараттық материалдар ұсынылды.

Іс-шара жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға және дұрыс өмірлік ұстаным қалыптастыруға үндеді.

– Нашақорлық – ұлт болашағына қауіп төндіретін күрделі мәселе. Онымен күресу – әр адамның міндеті. Саналы, білімді әрі дені сау ұрпақ тәрбиелеу арқылы ғана жарқын болашаққа қадам жасай аламыз, – дейді акцияға қатысушы Ерік.

Ерзат АСЫЛ