Оның айтуынша, облыс бойынша орташа көрсеткіштер халықтың жекелеген топтары арасындағы елеулі айырмашылықтарды жасыруы мүмкін. Бір өңірдің өзінде облыс орталығының тұрғындары, шағын қалалар мен ауылдардың, шалғай аудандардың тұрғындары, жастар мен аға буын өкілдері, кәсіпкерлер, бюджеттік сала қызметкерлері, жалдамалы жұмысшылар және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар қатар өмір сүреді. Саяси белсенділік деңгейі де әртүрлі: партиялық таңдауы қалыптасқан азаматтардан бастап, әлі нақты шешім қабылдамаған сайлаушыларға дейінгі түрлі топ бар.Сонымен қатар бір мәселенің өзі әртүрлі әлеуметтік топтардың өкілдері тарапынан мүлде өзгеше қабылдануы мүмкін. Мысалы, облыс орталығындағы жастар үшін жұмыспен қамту мәселесі сапалы жұмыс орындары мен мансаптық мүмкіндіктерге қатысты болса, шалғай аудандардың тұрғындары үшін ол бос жұмыс орындарының тапшылығы және басқа өңірлерге қоныс аудару қажеттілігімен байланысты болуы мүмкін. Кәсіпкерлер үшін өңірдің дамуы әкімшілік кедергілерді азайтуды білдірсе, жалдамалы жұмысшылар үшін табыстың тұрақтылығы мен әлеуметтік кепілдіктер бірінші орынға шығады.«Өңірдің басты мәселесі» туралы айтқанда, бұл мәселе нақты қай топ үшін басты екенін, сол топ қандай шешімді қолдайтынын және оны жүзеге асыруды қай саяси күшке сеніп тапсыруға дайын екенін анықтау қажет. Сондықтан электоратты тек географиялық тұрғыдан ғана емес, жас ерекшелігіне, өмір салтына, жұмыспен қамтылуына, сұраныстарының сипатына және саяси белсенділік деңгейіне қарай да сегменттеу маңызды», – деп атап өтті Жеңісбек Төлен.«Сайлау-2026: саяси науқанның сипаты» сарапшылар алаңы 13 тамызда Алматы қаласында өтті. Іс-шараны ҚР Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырды. Талқылауға саясаттанушылар, академиялық және сарапшылық қоғамдастық өкілдері, зерттеу және талдау орталықтарының мамандары, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ саяси коммуникациялар мен сайлау үдерістері саласының сарапшылары қатысты. Онлайн форматта пікірталасқа Қазақстанның барлық өңірінен сарапшылар қосылды.
Главная страница » Өңірлік сайлаушының талғамы әркелкі: сарапшы партиялық науқандардың жаңа логикасы туралы
