Отбасы әр адам өзін қауіпсіз әрі бақытты сезінетін орта болуы тиіс. Ешкім үйінде қорқыныш пен қысым көруге тиіс емес. Зорлық-зомбылық адамның ар-намысы мен құқығына нұқсан келтіреді. Сондықтан мұндай әрекетке бейжай қарауға болмайды. Кез келген мәселе күш қолдану арқылы емес, өзара түсіністік арқылы шешілуі қажет. Қауіпсіз отбасы – тұрақты қоғамның негізі.
Алтынай СЕЙІТКЕН