Отбасындағы татулық пен өзара сыйластық – Балқаш ауданындағы әр шаңырақтың берекесінің негізі. Үй ішіндегі жанжалдың соңы күш көрсетуге немесе психологиялық қысымға ұласпауы керек. Зорлық-зомбылықтың кез келген түріне көз жұму мәселені шешпейді. Мұндай жағдайға тап болған азамат көмек сұраудан қорықпауы қажет. Құқық қорғау органдарының жұмысы тек құқықбұзушылық орын алғаннан кейін шара қолданумен шектелмей, оның алдын алуға да бағытталған. Отбасындағы мәселені дер кезінде айтып, тиісті мамандардан көмек алу көптеген келеңсіздіктің алдын алады.
Зорлықсыз отбасы – қауіпсіз қоғамның берік негізі.
Алтынай ТАЛҒАТҚЫЗЫ

