Жаз мезгілінде Балқаш ауданындағы су айдындарында демалатын тұрғындар қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауы қажет. Әсіресе балаларды су жағасында қараусыз қалдыруға болмайды. Белгіленбеген және қауіпсіздігі тексерілмеген жерлерде шомылу адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін.
Мас күйінде суға түсу де қайғылы жағдайға әкелетін қауіпті әрекеттердің бірі. Ата-аналар балаларына судағы қауіпсіздік ережелерін алдын ала түсіндіріп, өздері де үлгі көрсетуі керек. Құтқарушылардың ескертуіне құлақ асып, белгіленген орындарда ғана демалған дұрыс. Бір сәттік салғырттықтың орны толмас өкінішке айналмауы үшін қауіпсіздікке әр адам жауапкершілікпен қарауы тиіс.
Алтынай ТАЛҒАТҚЫЗЫ

