Перейти к содержимому
Главная страница » Тәртіп пен жауапкершіліктің өзі үлкен рөл атқарады

Тәртіп пен жауапкершіліктің өзі үлкен рөл атқарады

Баланың заңға және тәртіпке деген көзқарасы мектептен бұрын отбасында қалыптасады. Үлкендердің күнделікті әрекеті балаға сөзден де әсерлі тәрбие береді. Ата-ана өз міндетін жауапкершілікпен орындап, қоғамдық тәртіпті сақтап, өзгенің құқығына құрметпен қараса, бала да осы құндылықтарды бойына сіңіреді. Балаға тек «болмайды» деп айту жеткіліксіз. Неліктен белгілі бір әрекетке жол берілмейтінін түсіндіру маңызды. Осы арқылы жасөспірім талапты қорқыныштан емес, саналы түрде орындауға үйренеді.
Құқықтық тәрбие ерте басталған сайын оның нәтижесі де берік болады. Саналы ұрпақ қалыптастыру үшін отбасыдағы қарапайым тәртіп пен жауапкершіліктің өзі үлкен рөл атқарады.

Құралбек СӘБИТОВ