Қазіргі таңда ұялы телефон адамның күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда оның мүмкіндігі артқан сайын цифрлық қауіпсіздікке де жауапкершілік қажет. Телефонға келген белгісіз хабарламаларды ашу, күмәнді сілтемелерге өту немесе бейтаныс адамдардың қоңырауына жеке ақпарат айту қауіпті болуы мүмкін. Құпиясөздерді қорғау, құрылғыдағы маңызды ақпаратты сақтықпен пайдалану және күмәнді қосымшаларды жүктемеу – қарапайым қауіпсіздік шаралары.
Балалар мен қарт адамдарға да цифрлық қауіпсіздік ережелерін түсіндіру маңызды. Себебі алаяқтар кез келген жастағы адамның сенімін пайдалануға тырысуы мүмкін. Технологияны дұрыс пайдалану – оның мүмкіндігін білумен қатар, қауіпін де түсінуді талап етеді.
Құралбек СӘБИТОВ

