Перейти к содержимому
Главная страница » Түнгі уақытта бала қауіпсіздігі – басты назарда!

Түнгі уақытта бала қауіпсіздігі – басты назарда!

Балқаш ауданындағы елді мекендерде балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігіне ата-аналар ерекше көңіл бөлуі керек. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруі түрлі қауіпке әкелуі мүмкін. Сондықтан ата-ана баласының қайда жүргенін, кіммен араласатынын және бос уақытын қалай өткізетінін білгені жөн.

Профилактикалық рейдтер кезінде полиция қызметкерлері жастар көп жиналатын орындарға да назар аударады. Мұндай шаралардың мақсаты – жазалау емес, құқықбұзушылықтың алдын алу және баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ата-ана мен полиция арасындағы өзара байланыс неғұрлым берік болса, қауіптің алдын алу да соғұрлым тиімді болады. Баланың амандығы – отбасы мен қоғамға ортақ жауапкершілік.

Алтынай ТАЛҒАТҚЫЗЫ