
Райымбек ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Райымбек ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының 2026 жылға арналған жоспарына сәйкес III тоқсандық отырысы өтті.
Шараға аудан әкімі Дастан Құдабаев, аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары, ауыл әкімдері қатысты.
– Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидаты мемлекеттік органдар қызметінің басты бағыттарының біріне айналды. Аталған қағидатты іске асыру құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі іс-қимылды күшейту және мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру арқылы жүзеге асырылуда, – деген комиссия төрағасы Дастан Құдабаев жиынды ашып, жүргізіп отырды.
Күн тәртібінде аудандық мемлекеттік мекемелердің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарып жатқан жұмыстары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мәселелері қаралды.
Жауапты сала басшылары атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған жол бермеу бағыттары талқыланды.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Райымбек ауданы әкімдігінің бөлім басшыларына, ауылдық округ әкімдеріне және квазимемлекеттік сектор ұйымдарының басшыларына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстарды жалғастыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Өзекті мәселелерге тоқталып, жиынды қорытындылаған Дастан Құдабаев мекемелермен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге, дұрыс жұмыс жүргізуге шақырды.
Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ
Райымбек ауданы

