Алатау қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру бағытындағы профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
Заң мен тәртіп қағидатын берік орнықтыру – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Осыған байланысты қала аумағында құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстары, профилактикалық іс-шаралар және тұрғындармен кездесулер тұрақты негізде ұйымдастырылуда.
Профилактикалық жұмыстардың негізгі мақсаты – құқықбұзушылық орын алғаннан кейін әрекет ету емес, оның алдын алу. Осы бағытта жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау, отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың алдын алу, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азаматтардың заң талаптарын сақтауына түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ерекше мән берілуде.
Сонымен қатар, тұрғындардың құқықтық жауапкершілігін арттыру, қоғамдық тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру және қауіпсіз орта құру бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылы күшейтілуде.
Заңға құрмет пен тәртіпке жауапкершілік әр азаматтың күнделікті өмірінен басталады. Қоғамда заң үстемдігі қалыптасқан жағдайда ғана тұрғындардың қауіпсіздігі мен қаланың тұрақты дамуына берік негіз қаланады.
Алатау қаласында «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.
Бахтияр ТӨЛЕШОВ,
«Жұмыс» ЖШС директоры

