Перейти к содержимому
Главная страница » Заң мен тәртіп – ортақ жауапкершілік

Заң мен тәртіп – ортақ жауапкершілік

Қалжат ауылдық округінде «Заң мен тәртіп – қоғам қауіпсіздігінің кепілі» тақырыбында түсіндіру жұмыстары өтті. Іс-шараны ауылдық округтің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы ұйымдастырып, оған учаскелік полиция инспекторы қатысты.

Іс-шара барысында ауылдағы бірқатар сауда орындары араланып, кәсіпкерлермен және тұрғындармен құқықтық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша әңгіме жүргізілді. Әсіресе заң талаптарын орындау, қоғамдық тәртіпке немқұрайлы қарамау және түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде нақты түсіндірген учаскелік полиция инспекторы заң бұзушылықтардың салдары неге әкеліп соғатынын да түсіндірді.

Құқық қорғау саласының мамандары қауіпсіз орта қалыптастыру тек полицияның емес, әр азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті. Тұрғындарға заңды білу және оны сақтау күнделікті өмірдегі қарапайым жауапкершіліктен басталатынын айтып өтті. Ауылдың белсенді жастары да өз қатарластарын қоғамдық тәртіпті сақтауға, құқық бұзушылыққа жол бермеуге және ауылдағы қауіпсіздікке өз үлесін қосуға шақырды. Өйткені ауыл, аудан, ел мен жер – жастардікі. Сондықтан да ел ертеңі болар жастар заң мен тәртіптің сақтаушысы болуы керек.

Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ