Перейти к содержимому
Главная страница » Заңды еңбек – қоғамға пайдалы болудың жолы

Заңды еңбек – қоғамға пайдалы болудың жолы

Адамның өз еңбегімен табыс табуы – қоғамдағы тұрақтылықтың маңызды негіздерінің бірі. Заңды еңбек адамның материалдық жағдайын жақсартып қана қоймай, оның қоғам алдындағы жауапкершілігін де арттырады. Оңай әрі заңсыз табысқа қызығу кей жағдайда адамды құқық бұзушылыққа итермелеуі мүмкін. Сондықтан қандай ұсыныс болса да, оның заңдылығын анықтап алған жөн.
Жастар арасында кәсіптік білім мен еңбекке деген қызығушылықты арттыру осы тұрғыда маңызды. Өз кәсібін меңгерген адам заңсыз жолмен ақша табуға ұмтылмайды. Еңбекпен келген табыстың қадірі де бөлек. Ол адамның өз күшіне деген сенімін арттырып, өміріне тұрақтылық әкеледі.
Заңды еңбек – тек табыс көзі емес, қоғамға пайдалы болудың жолы. Адал еңбекті бағалайтын ортада тәртіп пен жауапкершілік те берік қалыптасады.

Құралбек СӘБИТОВ