Іле ауданында жол қауіпсіздігін сақтау – қоғамдық тәртіптің маңызды бағыттарының бірі. Жол қозғалысы ережелерін сақтау арқылы жүргізуші тек өз өмірін ғана емес, өзге азаматтардың қауіпсіздігін де қорғайды. Әсіресе жылдамдықты белгіленген мөлшерден асырмау, жаяу жүргіншілерге жол беру және көлікті мас күйінде басқармау маңызды. Балалар мен жасөспірімдерге жолда жүру мәдениетін үйрету де өзекті. «Заң мен тәртіп» қағидаты әр азаматты жол үстінде жауапкершілік танытуға үндейді. Жолдағы тәртіп – қауіпсіз қоғамның берік негізі.
Алтынай СЕЙІТКЕН