Перейти к содержимому

Алаяқтың арбауына түспеңіз

26 қаралым

Технология дамыған сайын интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың түрі де көбейіп келеді. Осыған байланысты 2 қыркүйек күні Шонжы ауылында тұрғындарға интернет алаяқтығынан сақтану жолдары түсіндірілді.

Кездесу барысында алаяқтардың жиі қолданатын тәсілдері айтылып, бейтаныс қоңырауларға сенбеу, күмәнді сілтемелерді ашпау қажеттігі ескертілді. Әсіресе өзін банк немесе басқа мекеме қызметкері ретінде таныстырған адамдарға жеке мәліметтерді бермеу керектігі айтылды.

Сонымен қатар банк картасының деректерін, құпия сөздер мен телефонға келген SMS-кодтарды бөгде адамға хабарламау керектігі түсіндірілді. Тұрғындарға интернет қауіпсіздігі туралы ақпараттық брошюралар таратылды.

Алаяқтықтың алдын алуда ең бастысы – қырағылық. Күмәнді қоңырау немесе хабарлама алған жағдайда асығыс шешім қабылдамай, ақпаратты қайта тексерген жөн.

Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Ұйғыр ауданы