Перейти к содержимому

Балалардың жолдағы қауіпсіздігі

14 қаралым

Оқу жылы басталған кезде балалардың жол қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлген жөн. Мектепке барар жолда жол белгілерін сақтау және көлік қозғалысына мұқият болу қажет. Ата-ана баласына қауіпсіз бағытты алдын ала көрсетіп, жолдан өту тәртібін түсіндіруі керек. Жүргізушілер мектеп маңында жылдамдықты азайтып, жаяу жүргіншілерге жол бергені маңызды. Баланың қауіпсіздігі – баршаға ортақ жауапкершілік.

Ерзат АСЫЛ