Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Белгіленбеген жерден кесіп өтпеу керек

Белгіленбеген жерден кесіп өтпеу керек

66 қаралым

Жолда кейде бір секундтың өзі шешуші болады. Телефонға келген хабарламаға бір сәт көз жүгірту, жылдамдықты аздап арттыру немесе бағдаршамның ауысуын күтпеу – жүргізуші үшін ұсақ нәрсе болып көрінуі мүмкін.

Бірақ жол қателікті кешірмейді.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жүргізуші де, жаяу жүргінші де өз жауапкершілігін сезінуі керек. Рөлге мас күйінде отырмау, жылдамдықты сақтау, қауіпсіздік белдігін тағу, көлік жүргізіп келе жатып телефонға алаңдамау – қарапайым талаптар болғанымен, адам өмірін сақтайтын маңызды ережелер.

Жаяу жүргінші де жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпеуі, бағдаршамға бағынуы қажет. Әсіресе балалардың жол қауіпсіздігіне ата-аналар ерекше көңіл бөлгені жөн.

Жолда ең маңыздысы – бірінші болып жету емес. Аман жету.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

↑