Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Экологияға жанашырлық – елге жанашырлық

Экологияға жанашырлық – елге жанашырлық

5 қаралым

Іле ауданында қоршаған ортаны қорғау мен елді мекендерді абаттандыру бағытындағы жұмыстар «Таза Қазақстан» бағдарламасының маңызды бөлігіне айналып отыр. Аудан аумағында тазалық шараларын ұйымдастырумен қатар, көгалдандыру мен қоғамдық орындарды ретке келтіруге басымдық берілуде. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін тұрғындардың, жастардың және еріктілердің белсенділігін арттыру маңызды. Әсіресе тұрмыстық қалдықтарды ретсіз тастамау және табиғи аумақтарды ластамау мәселесіне қоғам болып көңіл бөлу қажет. Қазіргі таңда облыста қалдықтарды қайта өңдеу инфрақұрылымын дамытуға да басымдық беріліп отыр. Таза қоршаған орта – халықтың өмір сапасы мен елді мекеннің болашағына тікелей әсер ететін маңызды құндылық.

Іле ауданы