Перейти к содержимому

Интернеттегі мүлік қауіпсіздігі

19 қаралым

Қазіргі кезде азаматтардың қаржылық қауіпсіздігі интернетпен тікелей байланысты. Алаяқтар банк қызметкерлері немесе басқа ұйымдардың өкілі ретінде қоңырау шалуы мүмкін. Банк картасының құпия кодтарын, парольдерін және SMS арқылы келген кодтарды ешкімге айтуға болмайды. Күмәнді сілтемелер арқылы банк қосымшасына кіруден бас тартқан дұрыс. Ақша аудармас бұрын алушының деректерін мұқият тексеру қажет. Егер алаяқтыққа тап болсаңыз, банкке және құқық қорғау органдарына дереу хабарласқан жөн. Цифрлық сақтық – мүлік қауіпсіздігінің маңызды бөлігі.

↑