Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ТАЗАЛАУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ТАЗАЛАУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

137 қаралым

«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендердің тазалығын сақтауға және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама.

Тазалық әр адамның өзінен, өз ауласынан және өз көшесінен басталады. Айналаны таза ұстау, қоқысты белгіленген орынға тастау, қоғамдық орындарға ұқыптылықпен қарау – азаматтық мәдениеттің белгісі.

Туған жердің көркеюіне тек мемлекеттік мекемелер ғана емес, әрбір тұрғын өз үлесін қоса алады. Аула тазалау, ағаш отырғызу, көшені абаттандыру секілді игі істер қоғамның ортақ жауапкершілігін арттыра түседі.

Таза орта – денсаулықтың, тәртіптің және жайлы өмірдің кепілі. Сондықтан қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, тазалықты күнделікті өмір салтына айналдыру – баршамызға ортақ міндет.

Алтынай СЕЙІТКЕН

↑