Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Мемлекеттік грант – жаңа кәсіпкерге берілген мүмкіндік: Айжан Қазиеваның табыс жолы

Мемлекеттік грант – жаңа кәсіпкерге берілген мүмкіндік: Айжан Қазиеваның табыс жолы

44 қаралым

Алатау қаласында кәсіпкерлікті дамытуға ниетті азаматтар мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдаланып, өз бизнес жобаларын жүзеге асырып келеді. Солардың бірі – кәсіпкер Қазиева Айжан Айтқұлқызы.

2025 жылы бірінші лек бойынша Алатау қаласының тұрғыны Қазиева Айжан Айтқұлқызы «Bal Hanym – Жеке брендпен тапсырыстық кондитерлік өнімдер өндірісі» жобасы бойынша 400 АЕК көлемінде, яғни 1 582 000 теңге мөлшерінде мемлекеттік гранттың иегері атанды.

Аталған жоба көпбалалы отбасы санаты бойынша жүзеге асырылды. Мемлекеттік қолдау кәсіпкерге кондитерлік бағыттағы кәсібін дамытуға және жеке брендін қалыптастыруға жаңа мүмкіндік берді.

«Bal Hanym» жобасының негізгі бағыты – тапсырыс бойынша сапалы әрі ерекше кондитерлік өнімдер дайындау. Кәсіпкер әрбір өнімге үлкен жауапкершілікпен қарап, тұтынушылардың сұранысы мен қалауын ескеруге басымдық береді.

Бүгінде Айжан Қазиева өзінің кәсіпкерлік қызметін «Бегім-Ай» жеке кәсіпкерлігі арқылы жүзеге асырып келеді. Алатау қаласында өз ісін дамытып отырған кәсіпкер үшін бұл – мемлекеттік қолдаудың нақты нәтижеге бағытталғанының жарқын мысалы.

Айжанның айтуынша, кәсіпкерлікте ең бастысы – еңбекқорлық, ізденіс және өз ісіңе деген сүйіспеншілік. Ал мемлекеттік грант секілді қолдау құралдары кәсіп бастауға ниетті азаматтарға өз идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

«Кәсіп бастау – үлкен жауапкершілікті талап етеді. Мемлекеттік грант мен үшін кәсібімді дамытуға берілген үлкен мүмкіндік болды. Ең бастысы – берілген мүмкіндікті тиімді пайдаланып, өз ісіңді үздіксіз дамыту», – дейді кәсіпкер.

Бүгінде «Bal Hanym» жобасы кәсіпкердің жеке бренді ретінде дамып, тапсырыстық кондитерлік өнімдер бағытын ілгерілетуге бағытталып отыр.

Айжан Қазиеваның кәсіпкерлік жолы – Алатау қаласында өз кәсібін бастауға және дамытуға ұмтылған азаматтарға берілетін мемлекеттік қолдаудың маңызын көрсететін жақсы мысал.

Мемлекеттік гранттар азаматтардың бизнес-бастамаларын қолдап, жаңа жобалардың жүзеге асуына мүмкіндік береді. Ал «Bal Hanym» жобасы – осы мүмкіндікті нақты іске айналдырған кәсіпкерлік бастамалардың бірі. Кәсіпке жасалған әр қадам жаңа мүмкіндікке бастар жол екенін ұмытпайық!

Гүлназия ЖОЛДЫБАЕВА,
қоғамдық кеңестің мүшесі

Алатау қаласы

↑