«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны қорғау мен елді мекендерді көркейтуге бағытталған маңызды жалпыұлттық бастама. Оның негізгі мақсаты – көшелер мен аулалардың тазалығын қамтамасыз етіп қана қоймай, қоғамда экологиялық мәдениет пен табиғатқа деген жауапкершілікті қалыптастыру.
Тазалық – бір күндік науқан емес, күнделікті өмір салтына айналуы тиіс құндылық. Әрбір тұрғын өз ауласын таза ұстап, қоқысты белгіленбеген жерге тастамай, табиғи ортаға ұқыпты қараса, туған өлкенің ажары да арта түседі. Ағаш отырғызу, аумақтарды абаттандыру, өзен-көлдердің жағасын тазалау сияқты жұмыстарға тұрғындардың белсенді қатысуы қоғамның бірлігін де нығайтады.
Таза орта әрбір адамның өзінен басталады. Сондықтан «Таза Қазақстан» бастамасы тек сенбілікке қатысумен шектелмей, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды күнделікті әдетке айналдыруға үндейді. Туған жердің тазалығы мен көркеюі – баршаға ортақ міндет әрі келешек ұрпаққа қалдырар маңызды аманат.