Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / ТАЗАЛЫҚ – МӘДЕНИЕТТІҢ БЕЛГІСІ

ТАЗАЛЫҚ – МӘДЕНИЕТТІҢ БЕЛГІСІ

125 қаралым

Қазақ халқы ежелден тазалыққа ерекше мән берген. «Тазалық – саулық негізі» деген ұғымның өзі қоршаған ортаны таза ұстаудың адам өміріндегі маңызын аңғартады.

Бүгінде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бастамасы осы ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Көшелердің, аулалардың және қоғамдық орындардың тазалығы – сол жерде тұратын тұрғындардың мәдениетінің көрсеткіші. Әр адам өз айналасына бейжай қарамай, табиғатты аялауға үлес қосса, елді мекендердің келбеті де көркейе түседі.

Тазалықты сақтау бір күндік науқанмен шектелмеуі тиіс. Ол әр азаматтың күнделікті дағдысына айналғанда ғана қоршаған ортаға деген жауапкершілік артады.

Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ

↑