Перейти к содержимому

Тазалық — ортақ міндет

34 қаралым

Балқаш ауданының Бақанас ауылында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді. Іс-шара Сейфуллин көшесінде ұйымдастырылып, оған мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары, белсенді жастар мен еріктілер қатысты.
Белсенділер көше бойындағы аумақтарды тұрмыстық қалдықтардан тазартып, абаттандыру жұмыстарын атқарды.
Жиналған қоқыстар арнайы орындарға шығарылып, көшенің санитарлық жағдайын жақсартуға мән берілді. Тазалық жұмыстарына ауыл тұрғындарының белсенді қатысуы ортақ іске деген жауапкершіліктің жоғары екенін көрсетті. Әсіресе жастар мен еріктілердің белсенділігі көпшілікке үлгі болды. Олар туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы елді мекендерді абаттандырып, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Осындай игі шаралар тұрғындарды табиғатты аялауға және тазалықты сақтауға үндейді.
Ауылдың ажары оның тазалығынан басталады. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстардың маңызы зор.
Бірлескен еңбек нәтижесінде Сейфуллин көшесінің көркі ажарланып, тұрғындарға қолайлы орта қалыптасты.
Тазалық сақтау – бір күндік жұмыс емес, күнделікті дағдыға айналуы тиіс.
Осы ретте Бақанас ауылында қолға алынған бастамалар тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға септігін тигізуде.
Ортақ іске жұмылған жұрт елдімекеннің көркеюіне өз үлесін қосты.

Құралбек СӘБИТҰЛЫ
Балқаш ауданы