Перейти к содержимому

Тазалық – ортақ міндет

42 қаралым

Табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстау – әрбір азаматтың парызы десек, Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы тазалық жұмыстары ауданымызда қарқынды жүргізілуде.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыруды мақсат еткен акцияға апта сайын Кеген ауданының барлық ауылдары белсене қатысып келеді. Осындай экологиялық сенбілік Тасашы ауылында да жалғасын тапты.

Игі іске мекеме қызметкерлерімен ауыл тұрғындары біркісідей жұмылып, елді мекеннің кіреберісі мен қоғамдық орындарды қоқыстан тазартып, тұрмыстық қалдықтар арнайы орындарға жеткізілді.

Акция барысында ауыл аумағында тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, көшелер мен қоғамдық орындар тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.

– Мұндай іс-шаралар қоршаған ортаға деген жанашырлықты арттырып, елдің экологиялық санасын қалыптастыруға жол ашады. Баршаңызды табиғатты аялауға шақырамын, – деді ауыл ақсақалы Арғынбай Шілікбаев.

Тазалық – қоршаған ортаға деген жауапкершіліктің көрінісі. Әрбір тұрғын өз ауласы мен ауылына жанашырлықпен қарап, тазалықты сақтауға үлес қосса, туған жеріміз көркейе түсетіні анық.

Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

Кеген ауданы