Перейти к содержимому

Түнгі жол ерекше сақтықты талап етеді

14 қаралым

Қараңғы уақытта жолдағы көріну қашықтығы төмендейді. Сондықтан жүргізуші жылдамдықты жол жағдайына сәйкес таңдап, жарық шамдарының дұрыстығына көз жеткізуі керек. Жаяу жүргіншілер де қараңғы жерде жарық шағылыстыратын элементтерді қолданғаны жөн. Әсіресе елді мекеннен тыс жолдарда сақтықты күшейту қажет. Түнгі жолда асықпай жүру – қауіпсіздіктің маңызды шарты.

Құралбек СӘБИТОВ