Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Заң азаматтар құқығы мен қауіпсіздігін қорғайды

Заң азаматтар құқығы мен қауіпсіздігін қорғайды

22 қаралым

Қоғамның дамуы тек экономикалық көрсеткіштермен өлшенбейді. Елдегі тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіздігі де мемлекеттің маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ал оның негізінде заң мен тәртіп қағидасы жатыр.

Тәртіп дегеніміз – тек көшеде немесе қоғамдық орында тыныштық сақтау емес. Ол заң талаптарын орындау, өз міндетіңе жауапкершілікпен қарау және өзге адамның құқығын құрметтеу.

Әр азамат өзінен бастап тәртіп орнатса, оның әсері қоғамға да таралады. Үйде балаға дұрыс тәрбие беру, жұмыста жауапкершілік таныту, қоғамдық ортада мәдениетті болу – үлкен өзгерістердің бастауы.

Құқық қорғау органдары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Дегенмен қоғамдағы тәртіпті тек полиция қызметкерлерінің жұмысы арқылы қамтамасыз ету мүмкін емес. Бұл іске тұрғындардың да белсенді араласуы қажет.

Құқық бұзушылықтың алдын алу, жастармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, отбасылық құндылықтарды нығайту, интернеттегі қауіптерден сақтандыру – қоғам қауіпсіздігін арттыратын маңызды бағыттар.

Заңның басты мақсаты – азаматты шектеу емес, оның құқығы мен қауіпсіздігін қорғау. Сондықтан заң талаптарын орындау әр адамның өз мүддесіне сай келеді.

Заңды құрметтеу күнделікті әдетке айналғанда ғана қоғамда жауапкершілік мәдениеті қалыптасады. Ал жауапкершілік бар жерде өзара сенім, тәртіп пен тұрақтылық орнығады.

Құралбек СӘБИТҰЛЫ