Перейти к содержимому

Заң мен тәртіп – күнделікті өмірде

52 қаралым

Заң мен тәртіп ұғымы тек құқық қорғау органдарының қызметімен шектелмейді. Кезекте тұру, жол ережесін сақтау, қоғамдық орында тыныштықты бұзбау сияқты қарапайым әрекеттер де қоғамдық тәртіптің көрінісі. Әр азамат өзінің күнделікті ісінен жауапкершілік танытса, қоғамдағы тәртіп те нығаяды. Ұсақ болып көрінетін ережелерді сақтау үлкен қауіптердің алдын алады. Тәртіп – күнделікті мәдениеттен басталады.

Алтынай СЕЙІТКЕН