Перейти к содержимому

Заңсыз қоқыс алаңы жойылды

16 қаралым

         Жамбыл ауданының аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында санитарлық тазалық талаптарының сақталуына ерекше назар аударылады.  Өңірлік прокуратура қызметкерлерінің үйлестіруімен «Заң мен Тәртіп» қағидатына сәйкес заңсыз қоқыс үйінділерін анықтау және жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

         Соның нәтижесінде анықталған заңсыз қоқыс орындары жойылуда. Жамбыл ауданы прокуратурасының жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмысының нәтижесінде заңсыз қоқыс үйінділерін анықтау және жою бойынша нақты іс-шаралар қабылданды. Атап айтқанда, Мәтібұлақ ауылдық округіне қарасты аумақта белгілі болған заңсыз қоқыс орны жойылды. Бей-берекет пайда болған күресін орнында санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілді.

         Сонымен қатар абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабының 1-бөлігі бойынша 3 әкімшілік хаттама толтырылды. «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Заң және Тәртіп» қағидатына сай санитарлық тазалық талаптарының сақталуына бағытталған жұмыстар жалғасуда.

Серік САТЫБАЛДИЕВ

Жамбыл ауданы