Перейти к содержимому

Жаяу жүргінші де жауапты

11 қаралым

Жол қауіпсіздігіне жүргізушімен қатар жаяу жүргінші де жауап береді. Көшені рұқсат етілмеген жерден кесіп өту немесе бағдаршам талабын елемеу қауіпті жағдайға себеп болуы мүмкін. Әсіресе балаларға жолдан өту ережесін ерте жастан үйрету қажет. Ата-ана баласына өз әрекетімен үлгі көрсеткені дұрыс. Қауіпсіздік қарапайым ережелерді сақтаудан басталады.

Ерзат АСЫЛ