Жол белгілері жүргізуші мен жаяу жүргіншіге жолдағы жағдай туралы ақпарат береді. Оларды елемеу немесе дұрыс түсінбеу қауіпті жағдайға әкелуі мүмкін. Сондықтан әр жүргізуші жол белгілерінің талаптарын білуге міндетті. Жаяу жүргінші де бағдаршам мен тиісті белгілерге назар аударуы керек. Ережені сақтау жолдағы тәртіпті қамтамасыз етеді.
Ерзат АСЫЛ