Жол қозғалысы ережелерін сақтау әр жүргізуші мен жаяу жүргіншінің басты міндеті. Жылдамдықты белгіленген мөлшерден асырмау, жол белгілеріне бағыну және қауіпсіз қашықтық сақтау апат қаупін азайтады. Жаяу жүргіншілер де жолды белгіленген орыннан кесіп өтуі қажет. Жолдағы бір ғана қателік орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін. Сондықтан жол ережесін сақтау – өз өміріңе және өзгенің өміріне құрмет.
Ерзат АСЫЛ