Жол қозғалысы ережесін сақтау – адам өмірінің қауіпсіздігі үшін қажет.
Жүргізушінің бір сәттік қателігі ауыр жағдайға әкелуі мүмкін. Сондықтан көлік тізгіндегенде жылдамдықты сақтау маңызды. Рөлде телефонға алаңдау да аса қауіпті. Қауіпсіздік белдігін тағу – қарапайым, бірақ маңызды талап.
Жаяу жүргінші де жолдағы ережелерді білуі керек. Жолды белгіленген жерден кесіп өту – қауіпсіздіктің басты шарттарының бірі. Балаларға жол қозғалысы ережесін ерте жастан түсіндірген дұрыс. Ата-ананың берер тәрбиесі мен тәртібі балаға үлгі.
Жолдағы тәртіп айыппұлдан қорқу үшін емес, адам өмірін сақтау үшін қажет. Жүргізуші мен жаяу жүргінші бір-біріне құрметпен қарауы тиіс. Жолда асығыстыққа жол бермеу керек. Әрбір қозғалысқа жауапкершілікпен қараған жөн. Талапты сақтау – өзіңді және өзгені қорғау. Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің басты кепілі.
Құралбек СӘБИТҰЛЫ