Жол қозғалысына қатысушылардың әрқайсысы ортақ қауіпсіздікке үлес қосады. Жүргізуші жаяу жүргіншіге жол берсе, ал жаяу жүргінші белгіленген тәртіпті сақтаса, көптеген қауіпті жағдайдың алдын алуға болады. Жолдағы мәдениет өзара құрметтен басталады. Асығыстық пен дөрекілік апат қаупін арттырады. Сондықтан жолда сабырлы әрі мұқият болу қажет.
Құралбек СӘБИТОВ