Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / 61 саяжай-коопертиві ауыл шекарасына енгізілді: Ащыбұлақ тұрғындары әкіммен кездесуде қандай мәселелер көтерді?

61 саяжай-коопертиві ауыл шекарасына енгізілді: Ащыбұлақ тұрғындары әкіммен кездесуде қандай мәселелер көтерді?

136 қаралым

Алматы облысына қарасты Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов Ащыбұлақ ауылдық округінің тұрғындарымен жүздесті.

Кездесуде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жақсарту және тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелер талқыланды.

Жиында ең көп көтерілген мәселелердің бірі – саяжай кооперативтеріне елдімекен мәртебесін беру. Аудан әкімінің айтуынша, бүгінде төрт ауылдың бас жоспары бекітіліп, олардың шекарасына 61 саяжай енгізілген. Қалған елдімекендер бойынша жұмыстар жалғасуда.

Тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Қайыржан Жақсымбетов көтерілген мәселелерге жауап беріп, жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

Кездесу соңында аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Іле ауданы

↑