Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Алатау қаласында Еңбек күніне орай жәрмеңке өтті

Алатау қаласында Еңбек күніне орай жәрмеңке өтті

19 қаралым

Еңбек күніне орай Амлаты облысы Алатау қаласында бірқатар мәдени және қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Мерекелік шаралар аясында қалалық Мансап орталығының ұйымдастыруымен арнайы жәрмеңке өтті.
Жәрмеңкеде Мансап орталығы арқылы мемлекеттік грант иеленіп, өз кәсібін бастаған және дамытып отырған қала тұрғындары өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынды.
Кәсіпкерлер өз қолдарымен жасаған бұйымдарын, азық-түлік өнімдерін және түрлі тауарларын көрмеге қойып, мерекелік іс-шараға жиналған тұрғындарға таныстырды. Жәрмеңке барысында қатысушылар өз кәсібінің қалай басталғаны, мемлекеттік қолдаудың маңызы және кәсіпті дамыту жолдары туралы айтып берді.
Мұндай іс-шаралар еңбек адамын дәріптеп қана қоймай, кәсіп бастауға ниетті азаматтарға жаңа мүмкіндіктер мен мемлекеттік қолдау тетіктері туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік гранттың игілігін көріп, өз кәсібін дамытып отырған азаматтардың жетістігі — еңбектің, табандылықтың және өз ісіне деген жауапкершіліктің жарқын көрінісі.
Алатау қаласында осындай бастамалардың жүзеге асуы тұрғындардың кәсіпкерлік белсенділігін арттырып, жаңа жұмыс орындарын құруға және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосуда.
Еңбекке құрмет — елге құрмет. Өз кәсібін дамытуға ұмтылған әр азаматтың еңбегі қоғамның дамуына қосылған маңызды үлес.


Риза САУРБАЕВА,

қоғамдық кеңестің төрағасы


Алатау қаласы

↑