Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / «Заң мен тәртіп»: Алматы облысында ашық есік күні өтті

«Заң мен тәртіп»: Алматы облысында ашық есік күні өтті

22 қаралым

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Кеген ауылы Сәдуақас Серкебаев атындағы мектеп-гимназиясы Кеген аудандық полиция бөлімімен бірлесе отырып, «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді.

Іс-шараның мақсаты оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық қорғау органдарының қызметімен таныстыру, заң талаптарын құрметтеуге баулу, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу.

«Ашық есік күні» барысында оқушылар құқық қорғау саласының жұмысымен жақынырақ танысып, полиция қызметкерлерінің күнделікті қызметі, нысанды киім үлгілері, арнайы техникалары мен қызметтік автокөліктері туралы жан-жақты мәлімет алды. Сонымен қатар криминалистикалық чемодан құрамындағы құрал-жабдықтар таныстырылып, олардың қылмыстарды ашу және тергеу жұмыстарында қолданылу ерекшеліктері түсіндірілді.

Оқушылар жедел басқару орталығының жұмысымен танысып, құқық қорғау органдарының қоғамдағы маңызды рөлі туралы ақпарат алды. Өз кезегiнде оқушылар да өздерiн қызықтырған сауалдарын жолдап, тиiстi жауаптарын алып, өзара пiкiр алмасты.

Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға зор мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

Кеген ауданы

↑