Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Алатау қаласында «Заң мен тәртіп» қағидаты нығайтылуда

Алатау қаласында «Заң мен тәртіп» қағидаты нығайтылуда

33 қаралым

Қоғамдағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету – баршамызға ортақ міндет. Осы бағытта Алматы облысындағы Алатау қаласында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.
Тұжырымдаманың басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқықбұзушылықтардың алдын алу.
Бұл ретте тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және қауіпсіз орта қалыптастыруға ерекше мән беріледі.
Заңды сақтау – әр азаматтың міндеті. Қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарау, өзара құрмет пен заң талаптарын орындау – қауіпсіз әрі жайлы Алатау қаласын қалыптастырудың маңызды негізі.
Қала тұрғындарының белсенді азаматтық ұстанымы қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға өз үлесін қосады. Заңға құрмет пен тәртіпті сақтау – өркениетті қоғамның басты құндылықтарының бірі.


Әділхан БАЗАРБАЕВ,
Алатау қаласы ПБ қоғамдық қауіпсіздік
бөлімінің аға учаскелік полиция инспекторы

↑